Лицензиялық турнир: 17 жасар Батырхан Төлеуғалидың алғашқы қарсыласы анықталды
15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Парижге жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирінде ел намысын қорғайтын 17 жасар отандасымыз Батырхан Төлеуғалидың алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Төлеуғали В тобында сынға түседі. Оның қарсыласы 23 жастағы үндістандық спортшы Акшай Худа болмақ.
В тобы, ширек финал:
Батырхан Төлеуғали - Акшай Худа (Үндістан, 23 жаста).
Осанандо Наувал (Индонезия) - Әли Мабрук әл-Мабрук (Сауд Арабиясы).
А тобында 5 таеквондошы күш сынасып, бір лицензияны сарапқа салады.
Бір қызығы, Акшай Худа 2017 жылы Атырау қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге (+78 кг) ие болған. Бұған дейін қазақстандық спортшымен кездеспеген.
Айта кетейік, ертең Қытайдың Тайань қаласында Олимпиадаға лицензия берілетін Азия құрлығының соңғы іріктеу турнирі басталады.