«Ақтөбенің» ойыншысы Израиль чемпионатына оралды
Израильдік жартылай қорғаушы Ихаб Ганаем «Ақтөбеден» кетіп, Тель-авивтік «Хапоэльге» көшті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
27 жастағы хавбек 2023 жылдың шілдесінен бастап «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Ганаем «қызыл-ақтар» сапында жеті ойын өткізді.
Тель-авивтік «Хапоэль» Израиль чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта команда 20 ұпаймен 17 турдан кейін жетінші орында жайғасып тұр.