logo

Игорь Шацкий: Біз жетістікке тек бірігіп қана жете аламыз

Игорь Шацкий: Біз жетістікке тек бірігіп қана жете аламыз

«Ақтөбе» қақпашысы Игорь Шацкий клубқа ауысуы туралы айтып, команданың алдағы маусымдағы чемпиондық мүмкіндіктеріне баға берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

– Біріншіден, барша ақтөбелік жанкүйерлерге сәлем айтқым келеді. Өте керемет сезімдемін! Команда мені жақсы қабылдады. Бәрі керемет.

– «Ақтөбеге» келуіңізге жанкүйерлер қалай әсер етті?

– Бұл факторлардың бірі болды. Ақтөбеде мені әрқашан жылы қарсы алатын, бұл үшін мен өте ризамын. Менің ниетім әрқашан таза. Мүмкін сондықтан болар.

– Өткен жылы жанкүйерлер сізді «Ақтөбеге» шақырды. Сіз бұл туралы ойладыңыз ба?

– Жоқ, ол кезде мен бұл туралы ойлаған жоқпын. Бірақ уақыт өте келе ол ойыма кіріп кетті. Көріп отырғанымыздай, олардың айтқандары келді. Мен өте ризамын. Қанша қарсылас ретінде келсем де, Ақтөбедегі стадионда ойнау әрқашан бір ғанибет болатын.

– Келесі маусымға қандай мақсаттар қоясыз?

– Мен өзімнің жеке мақсаттарымды көздемеймін. Мен әрқашан командалық нәтижені жоғары қоямын. Құдай қаласа, биыл да табысқа жетеміз. Бапкерлер штабы бізді бір мақсатқа біріктіреді. Мен өз кезегінде командаға оң нәтиже әкелу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамын.

– Ақтөбелік жанкүйерлерге не айта аласыз?

– Мен оларға сәлем айтқым келеді. «Ақтөбе» сапында ойнауды күтудемін. Тек қана алға!

– Команда сізді қалай қабылдады?

– Мен барлығын танимын. Кейбіреулерін бұған дейін білетінмін. Енді біз бас бапкердің философиясына қабылдаумыз керек. Сондай-ақ, әкімшілік, медициналық штаб немесе футболшыларға қарамастан, команда ретінде берік болуымыз қажет. Барлығымыз бірігіп, мақсатымызға жетуіміз керек.

– «Ақтөбе» келесі маусымда чемпион болуы үшін не істеу керек?

– Алдымен өзіңе, командаластарына сену керек. Өйткені футбол – командалық ойын. Әріптестерсіз сен қандай ойыншы болсаң да, жетістікке жете алмайсын. Серіктестер мен сенімді қарым-қатынастар арқылы ғана біз мақсаттарымызға жетеміз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FC AKTOBE | ФК АКТОБЕ (@fcaktobe_official)



Күн шежіресі