«Ақтөбе» Қазақстан құрамасының ойыншысын қатарына қосты
«Ақтөбе» 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Лев Скворцовпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+.
Лев Скворцов бұған дейін «Астана», «Тұран», «Химки» және «Шинник» клубтарында өнер көрсетті. Маусымның бірінші жартысында ресейлік Бірінші лига аясында ол ярославлдік клуб сапында 15 матч өткізді.