logo

Асхат Тағыберген жеке статистикасының төмендеу себептерін түсіндірді

Асхат Тағыберген жеке статистикасының төмендеу себептерін түсіндірді

Sport+ телеарнасында «Pluste Bol» жобасының тұсау кесер шығарылымында студияның қонағы атанған Қазақстан құрамасының және «Ордабасы» командасының капитаны Асхат Тағыберген осы жылы жеке статистикасының төмендегені туралы сұраққа жауап берді.

«Былтыр «Ордабасы» жақсы ойнады, чемпиондық атаққа жеттік. Былтырғы жылғы жеке жетістіктер шабытпен келген шығар. Сонымен қатар, өткен сезонның соңында жарақат алып қалдым: бесінші метатарсальды сүйегімді сынды, ол жерде, сүйектің ішінде шуруп тұр қазір. Аяқталған чемпионатта қарсыластар мені жабатын болған. Қақпашылар да, егер мен алаңның ортасынан ассам, өзінің футболшыларына айқайлап, мені жабуды сұрайды. Сол себепті қазір көп маған тепкізбейді, көбінесе менің қасымда бір ойыншы жүреді. Басқа командадағы жігіттермен жақсы араласамызғо, олар маған «бапкерлер ойынның алдында сені саралайды» деп айтты. Осының бәрі жеке статистикамның төмендеуіне әсер етті», - деді футболшы.  

«Pluste Bol» бағдарламасының алғашқы шығарлымын біздің YouTube-арнамыздан көруге болады.