logo

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды

Дмитрий Парфенов «Ақтөбе» футбол командасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
 
«Ақтөбе» футбол клубы өзара келісім аясында Дмитрий Парфеновпен арадағы келісім-шартты үзіскенін ресми хабарлады. 
 
49 жастағы ресейлік маман маусым басында «Ақтөбенің» тізгінін ұстап, команданы турнирлік кестедегі екінші орында қалдырып барады. Сондай-ақ Парфеновтың басшылығымен «Ақтөбе» Қазақстан Кубогінің финалына шықты. Мамыр айының «Үздік бапкері» жүлдесін жеңді.