«Тобылдың» қорғаушысы Ресей Премьер-лигасы клубына ауысты
Воронеждік «Факел» 27 жастағы ресейлік қорғаушы Альберт Габараевпен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты. Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Қорғаушы соңғы екі жылды «Тобыл» құрамында өткізді, қостанайлық команда сапында Қазақстан кубогы мен Суперкубогының иегері атанды. Осы уақыт ішінде ол барлығы 68 ойынға қатысты.
Бұған дейін Габараев мәскеулік «Родина», астрахандық «Волгарь», армяндық «Ноа» және «Вест Армения» клубтарын, сондай-ақ беларуссиялық «Городеяны» клубтарында өнер көрсетті.