Атыраулық 5 жасар шахматшы ел чемпионы атанды
Шымкентте 24 қаңтар - 2 ақпан аралығында балалар арасында шахматтан ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Чемптонатқа еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам бала қатысты. Атыраулық Санжар Ермек 6 жастағы балалар арасында шахматтың блиц түрінен бақ сынады.
Бұл сайыста ол екі жүлдеге ие болды. Шахматтың блиц түрінен ел чемпионы атанды. Ал классикалық шахматтан қола жүлдеге иеленді.
Санжар шахматты қатты ұнатты. Телефондағы ойындарға көңіл аудармайды. Ол 6 айда жақсы нәтиже көрсетіп, 4 және 3 разрядты иеленді.
Былтырғы қараша айында 6 жасқа дейін балалар арасында Атырау облысының чемпионы атанып, Қазақстан біріншілігіне жолдама алды. «KSI chess Open» облыстық турнирінің жеңімпазы атанды.