logo

Атырауда 12 мың жанкүйерге арналған стадион салынады

Атырауда 12 мың жанкүйерге арналған стадион салынады

Атырау қаласында 12 орындық жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Стадион құрылысының қашан басталары әзірге белгісіз, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің айтуынша, тұрғындар тарапынан жаңа стадионның қажетті туралы ұсыныс берілген. 

«Әлеуметтік желі арқылы да, арнайы кездесулерде де спорт сүйер қауым жаңа стадион қажеттігі жөнінде талап-тілектерін жиі айтып келеді. Осыған орай айтарым, биыл шаһарда халықаралық талаптарға сай 12 мың орындық жаңа стадионның жобасын бастауды жоспарлап отырмыз. Жобаның тапсырыс берушісі – облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Стадион Атырау қаласындағы «Аламан базары» маңынан бой көтереді», -деп хабарлады Марат Мурзиев.

Оның айтуына қарағанда, қазір аталған құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасауға тендерлік рәсім жүргізіліп жатыр. Жаңа нысан құрылысына 7,7 гектар жер телімі бөлінген. Ғимараттың жалпы ауданы – 35 мың шаршы метр.