logo

Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Тынбаеваның еншісінде 3779 ұпай бар. 

Айта кетелік, Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. 

Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды.