logo

Әмір Омарханов әлемдік рейтингте көтерілді

Әмір Омарханов әлемдік рейтингте көтерілді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов бірден 10 сатыға жоғарылап, рейтингіде 4-орыннан көрінді.  Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы екінші үздік нәтиже. 2018 жылы Тимофей Скатов ITF Juniors Ranking рейтингісінде көш бастаған еді. 

Сол секілді 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы 74-тен 38-орынға көтерілді. Дамир Жалғасбайдың қарқыны да жақсы. ТОП-100-ге жақындаған ол 112-сатыда (+84) тұр. 

Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы осы айда жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында ел намысын қорғайды.