logo

Зарина Диас Таиландта сәтті өнер көрсетуде

Зарина Диас Таиландта сәтті өнер көрсетуде

Қазақстандық теннисші, әлемнің 381-ракеткасы Зарина Дияс Нонтхабури ( Таиланд) ITF W75 турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық теннисші алдымен рейтингіде 1 358-орында тұрған корт иесі Вера Дипоемді 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Содан кейін рейтингіде 393-сатыдағы үндістандық Вайдехи Чаудхариді жолдан тайдырды – 4:6, 6:2, 7:5. Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Зарина Дияс алғашқы айналымда әлемнің 310-ракеткасы, америкалық Анна Роджерспен кездеседі. Бұл матч 8 қаңтарға белгіленген. 

Ноутхабури додасының жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған. Онда рейтингіде 228-орындағы қытайлық Есинь Ма бірінші ракетка болып тіркелген. Жарыс 12 қаңтарда мәресіне жетеді.