Аустралия ашық біріншілігіне қатысатын Қазақстан теннисшілері
Теннистен Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарына Қазақстаннан үш теннисші қатысады, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Жылдың бастапқы «Үлкен дулыға» турниріне жолдама алу үшін Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов және Дмитрий Попко сынға түседі.
Әлемнің 113-ракеткасы М.Кукушкин іріктеу сайыстарының ширек финалында рейтингіде 229-орында тұрған эстониялық Марк Лаялмен шеберлік байқасады.
Әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов рейтингіде 447-сатыдағы хорватиялық Борна Гойодан өтуге тырысады.
Рейтингіде 181-орындағы Дмитрий Попконың бірінші қарсыласы – әлемнің 170-ракеткасы, Гонконг өкілі Коулман Вон.
Іріктеу бәсекесі 6 қаңтар күні басталып, 9-ында мәресіне жетеді.
Қазақстаннан алғашқы болып кортқа М.Кукушкин шығады.