logo

Америкалық файтер Асу Алмабаевпен кездескісі келеді

Америкалық файтер Асу Алмабаевпен кездескісі келеді

Ең жеңіл салмақтағы UFC файтері, әлемдік рейтингтегі 13-ші орындағы америкалық Чарльз Джонсон (17-6) кіммен кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sport+ Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Х әлеуметтік желісінің қолданушыларының бірі Чарльздан ендігі қарсыласы ретінде кімді көретінін сұрады. Джонсон үш спортшыны атады, оның ішінде Қазақстан файтері Асу Алмабаев (21-2) та бар.

  «Асу Алмабаев, [Алекс] Перес, [Стив] Эрцег немесе топ-10 санатынан кез келген біреу», — деп өз қалауын жеткізді америкалық спортшы.

Чарльз Джонсон осы жылдың ақпан айында тағы бір қазақстандық Азат Максумнан (15-1) басым түскен еді, ал 2022 жылы Жалғас Жұмағұловты (17-9) жеңді.