Жалғас Жұмағұлов: Маған белбеу керек!
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (17-9) OKTAGON лигасындағы болашақ жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
— Лиганың ең жеңіл салмақтағы чемпионы — Сэм Криси. Онымен келесі жекпе-жекте белбеу үшін күрескің келе ме? Оған арналған хабарламаң бар ма?
— Мен OKTAGON-ды бағындыруға келдім. Маған белбеу керек! Чемпиондарыңыз қайда? Қайда қашып жүр? Қане, белбеуді маған кигізіңдер! Бұл менің қарсыласым болғанын білемін [Аарон Эби — ред.], сондықтан үйрене беріңіздер, мен сіздерді жаулап алуға келдім! Мен мұнда ұзаққа келдім, мен осында чемпион боламын. Қазақ келді!
Еске сала кетейік, OKTAGON промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегінде Жалғас Жұмағұлов валлийлік Аарон Эбиді (16-10) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен сенімді түрде жеңіп шықты.