Алматыда қылмыстық топ құрамына енген Поп-ММА спортшылары ұсталды
Алматы облысының аумағында қылмыстық топты ұстау кезінде Поп-ММА спортшылары қамауға алынды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алматы қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК өкілдерімен бірлесіп бірнеше адамды қолға түсіргенін мәлімдеді.
«Аталған топ кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқаны белгілі болып отыр. Қылмыстық топтың құрамына Поп-ММА спортшылары кірген. Қазіргі уақытта олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасында жүргізіліп жатыр», - деді Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.