Түркістанның келінімін: қазақстандық спортшы жеңісінен кейін қайын жұртына сәлем салды
Alash Pride аралас жекпе-жек лигасы тарихындағы алғашқы чемпион әйел атанған Зәмзәгүл Файзолланова октогонда тұрып қайын жұртына сәлем салды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шығыс Қазақстанда дүниеге келген Зәмзәгүл Файзолланова Түркістан облысы Шардара ауданы, Сүткент ауылының келіні екенін айтып, иіліп сәлем берді.
«Ол менің екінші елім. Егер ана жақта дүниеге келсем, ертең Сүткентте дүниеден озармын. Сондықтан екі елімді бірдей құрметтеймін. Осы жеңісімді Сүткенттің 80 жылдығына арнаймын», - деді Зәмзәгүл.