Алматыда NAIZA Awards сыйлығының жеңімпаздары аталды
Аралас жекпе-жек әлеміндегі жылдың басты оқиғасы бір шаңырақ астына үздік файтерлерді, аңызға айналған жаттықтырушыларды, спорттық функционерлер мен медиа өкілдерін жинап, өткен маусымда MMA индустриясының дамуына ең үлкен үлес қосқандарды анықтады. Дәстүрлі түрде бұл сыйлық қорытынды шығару ғана емес, нағыз шоуға айналды.
Биыл бәсекелестік шегіне жетіп, негізгі номинациялардағы интрига соңғы сәтке дейін сақталды. Сарапшылар мен жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша, мүсіншелер өз иелерін тапты:
NAIZA Awards жеңімпаздарының тізімі:
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАУЫНГЕРІ (BEST FIGHTER OF THE YEAR): Бекжан Абылқасым
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖЕКПЕ-ЖЕГІ (BEST FIGHT OF THE YEAR): Тимур Серікұлы vs Тамерлан Саралапов
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ (BEST COACH OF THE YEAR): Эдуард Базров
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КОМАНДАСЫ (BEST TEAM OF THE YEAR): DAR Team
ЖЫЛДЫҢ СЕРПІЛІСІ (BREAKTHROUGH OF THE YEAR): Жансерік Жақсығұлұлы
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОСПЕКТІ (BEST PROSPECT OF THE YEAR): Дулат Кенесбеков
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК НОКАУТЫ (BEST KO OF THE YEAR): Мухаммадкабир Назарзода
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САБМИШНІ (BEST SUBMISSION OF THE YEAR): Елдар Отаралы
ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН СЕНСАЦИЯСЫ (BEST UPSET OF THE YEAR): Мейербек Есқазиев
«NAIZA Awards — бұл тек жеңімпаздарды марапаттау ғана емес, бұл біздің үлкен отбасымыздың мерекесі. Бес жыл ішінде сыйлық жергілікті шарадан трендтерді қалыптастырып, жастарды спортқа ынталандыратын ауқымды платформаға айналды. Бүгін біз қазақстандық MMA-ның қарқынды дамып жатқанын көрдік, алайда алда бізді одан да биік, амбициясы зор мақсаттар күтіп тұр», — деп атап өтті NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала.