Алматы Орталық стадионының басқарушысы «Астана» - «Челси» ойыны үшін жұмыстан босатылды
Алматыдағы Орталық стадионның басқарушысы Бауыржан Жұмажанов Конференция лигасы аясындағы «Астана» мен «Челси» матчына нашар дайындалғаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Sport+.
«Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов өз қызметінен босатылды», – деп хабарлады Спорттық нысандар дирекциясы.
Дирекция мәлімдемесінде стадионның батыс секторындағы орындықтардың (Орталық стадиондағы жалпы орындықтардың 2,7%-ы) қардан дер кезінде тазаланбағаны расталды. Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты тексеріс жүргізілетіні айтылды.