logo

Әліби Ыдырыстың TUF реалити-шоуындағы бапкерлері жарияланды

Әліби Ыдырыстың TUF реалити-шоуындағы бапкерлері жарияланды

UFC өзінің әлеуметтік желілерінде TUF реалити-шоуы 33 маусымының бапкерлерін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Таңдалған 8 жауынгерді Даниэль Кормье мен Чейл Соннен жаттықтыратын болады. Жаңа маусымның премьерасы 27 мамырға жоспарланған. 

33 маусымда ең жеңіл (56,7 келі) және жартылай орта (77,1 келі) салмақтағы ерлер салмақ дәрежесі ұсынылады деп күтілуде.

Жаңа маусымда алғаш рет қазақстандық жауынгер қатысады. Ең жеңіл салмақтағы NAIZA лигасының экс-чемпионы Әліби Ыдырыс іріктеуден өтіп, шоуға қатысуға дайындық үстінде.



Күн шежіресі