Әлем чемпионаты алдындағы дайындық: Мысыр – Ресей матчының трансляциясы
Ресей құрамасы маусым айындағы халықаралық үзіліс кезінде бірнеше жолдастық матч өткізеді.
Алғашқы кездесу Мысырда өтеді. Бұл матчта Мохаммед Салах бастаған Мысыр құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін пысықтайды.
Қазіргі таңда ФИФА рейтингінің ТОП-30 қатарына кіретін Мысыр құрамасы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін мундиаль алдында екі жолдастық матч өткізеді. Ресейден бөлек, олар Бразилия құрамасымен де ойнайды.
Әлем чемпионатында мысырлықтардың қарсыластары Бельгия, Жаңа Зеландия және Иран болады.
Мысыр — Ресей матчы сағат 23:00–де басталады.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.