«Қасқырлар» сериясын жалғастыруға тырысады: «Қайсар» — «Елімай» матчының тікелей эфирі

«Қасқырлар» сериясын жалғастыруға тырысады: «Қайсар» — «Елімай» матчының тікелей эфирі

«Қайсар» жеңіліссіз үш матчтық серияны тіркеді. Қызылордалықтар Кубок пен чемпионат аясында «Тобылды» жеңіп, Алматыда «Қайраттан» ұпай тартып алды.

Ал «Елімай» соңғы уақытта сәтсіз серияны бастан өткеріп жатқан еді. Алайда 10-турда өз алаңында «Жеңісті» 2:1 есебімен жеңіп, сәтсіздікті тоқтатты.

Енді командалар 11-тур аясында Қызылордада кездеседі.

Өткен маусымда «Елімай» «Қайсар» екі рет жеңген болатын. Жаңа кездесу 28 мамыр күні сағат 19:00–де өтеді.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі