Нани Көкшетауға барады: «Оқжетпес» – «Ақтөбе» матчының тікелей эфирі

Нани Көкшетауға барады: «Оқжетпес» – «Ақтөбе» матчының тікелей эфирі

11-тур аясында «Ақтөбе» өз алаңындағы сәтсіздеу өткен екі ойыннан кейін маусым басталғалы басты сенсация атанған «Оқжетпеспен» қонақта кездеседі.

«Қызыл-ақтар» Қазақстан Кубогынан шығып қалғанын қоса есептегенде соңғы үш ойында жеңіске жете алмай келеді. Соңғы екі матчта «Атырау» және «Қызылжармен» тең түсті.

Ал «Оқжетпес», керісінше, қатарынан екі жеңіске қол жеткізді. Команда «Астана» мен «Алтайды» жеңіп, турнир кестесінде 3-орында тұр. Қазіргі таңда олар «Қайрат» пен «Ордабасының» басты қуғыншысы саналады.

Матч сағат 15:00-де басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.