logo

Новак Джокович Australian Open-нің финалына шыға алмады

Новак Джокович Australian Open-нің финалына шыға алмады

Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Серб АТР рейтингінде төртінші орында тұрған италиялық Янник Синнерге жол берді – 6:1, 6:2, 6:7 (6:8), 6:3. Матч 3 сағат 26 минутқа жалғасты.

Australian Open-нің финалында енді Янник Синнер Даниил Медведев (Ресей) — Александр Зверев (Германия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ерлер арасында AO-2024 финалы 28 қаңтарда өтеді.



Күн шежіресі