logo

Александр Кержаков «Қайрат» футбол клубының бас бапкері атанды

Александр Кержаков «Қайрат» футбол клубының бас бапкері атанды

«Қайрат» футбол клубы 41 жастағы маманмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кержаков Александр Анатольевич – Ресей футболының (233 гол), санкт-петербургтік «Зениттің» (161 гол), Ресей құрамасының (30 гол) тарихындағы үздік сұрмерген.

Ойыншы ретінде «Зениттен» бөлек, испаниялық «Севилья», швейцариялық «Цюрих» пен мәскеулік «Динамо» командаларында ойнаған. УЕФА Кубогының, Испания Кубогы мен Суперкубогының, Швейцария Кубогының иегері. Үш дүркін Ресей чемпионы, Кубок иегері, екі мәрте ел Суперкубогының, сондай-ақ Премьер-лига Кубогының жеңімпазы.

Александр бапкер мансабын 2017 жылы «Зенит» ФК Академиясында бастады. 2018-2020 жылдар аралығында Ресейдің U-17, U-18 бен U-19 жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырған. Сонымен қатар Кержаков ресейлік «Томь» және «Нижний Новгород», кипрлік «Кармиотисса» мен сербиялық «Спартак» Суботица футбол клубтарын баптаған.

Биыл Кержаков испаниялық «Севилья» және италиялық «Интер» клубтарында тағылымдамадан өтті.



Күн шежіресі