logo

«Астананың» бұрынғы ойыншысы құрамасымен бірге ЕУРО-2024 турниріне қатысады

«Астананың» бұрынғы ойыншысы құрамасымен бірге ЕУРО-2024 турниріне қатысады

Сербия құрамасының баспасөз қызметі 2024 жылғы Еуропа чемпионатына ұлттық құраманың соңғы құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қақпашылар: Ваня Милинкович-Савич («Торино»), Предраг Райкович («Мальорка»), Джордж Петрович («Челси»).

Қорғаушылар: Страхиня Павлович («РБ Зальцбург»), Никола Миленкович («Фиорентина»), Милош Велькович («Вердер»), Срджан Бабич («Спартак» Москва), Урош Спайич («Црвена Звезда»), Неманья Стоич (ТСЦ).

Жартылай қорғаушылар: Саша Лукич («Фулхэм»), Неманья Гудель («Севилья»), Неманья Максимович («Хетафе»), Иван Илич («Торино»), Срджан Мияилович («Црвена Звезда»), Сергей Милинкович-Савич («Аль-Хиляль»), Душан Тадич («Фенербахче»), Лазар Самарджич («Удинезе»), Велько Бирманчевич («Спарта» Прага), Филипп Костич («Ювентус»), Филип Младенович («Панатинаикос»), Андрия Живкович (ПАОК), Мият Гачинович (АЕК).

Шабуылшылар: Александр Митрович («Аль-Хиляль»), Душан Влахович («Ювентус»), Лука Йович («Милан»), Петр Ратков («РБ Зальцбург»).

Сербия құрамына «Астананың» бұрынғы ойыншысы Неманья Максимович кірді. Ол астаналық команданың сапында 2015-2017 жылдары ойнаған, кейін «Валенсияға» ауысты.

Еске салайық, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтеді. Турнир 14 маусымнан 14 шілдеге дейін өтеді. Топтық кезеңде бірінші және екінші орын алған командалар, сондай-ақ үшінші орын алғандардың арасындағы төрт үздік команда 1/8 финалға шығады. Турнирдің плей-офф кезеңі олимпиадалық жүйе бойынша өткізіледі.



Күн шежіресі