logo

Этникалық қазақ Еуропа чемпионатында күреседі

Этникалық қазақ Еуропа чемпионатында күреседі

Этникалық қазақ Әділет Төлебаев грек-рим күресінен Еуропа чемпионатында күреседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Біріншіліктің алғашқы күні 77 келі олимпиадалық салмақ дәрежесінде боз кілемге шығатын Төлебаев жарысты 1/8 финалдан бастайды. Оның қарсыласы Швеция-Швейцария балуандарының арасындағы белдесуде анықталады. Алғашқы кездесуде жеңіске жеткен жағдайда Әділет осы салмақтың лидері Малхас Амоянмен кездесуі мүмкін. Армениялық спортшы соңғы екі жыл қатарынан Еуропа чемпионы атанып келеді, сонымен қатар ол 2021 жылдың әлем чемпионы.

Ресейлік Әділет Төлебаев Еуропа чемпионатына бейтарап жалау астында қатысады.

Төлебаев Әділет Амангелдіұлы 1995 жылы Омбы облысы, Русская поляна ауылында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ресей чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Былтыр лицензиялық әлем чемпионатында күрескен Төлебаев алғашқы айналымда ирандық Мухаммадәлі Гераеиге ұтылған еді. Соңғы жылдары PWL кәсіби күрес лигасында бой көрсетіп жүр.

Күрес түрлерінен Еуропа чемпионатын Sport Plus Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінен Астана уақытымен 22:00де тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі