logo

Ади Адамбаев: Барлық күшімізді салып жеңіске жеттік

Ади Адамбаев: Барлық күшімізді салып жеңіске жеттік

«Атырау» командасының жартылай қорғаушысы Ади Адамбаев «Тұран» командасына Лига Кубогының екінші топтық кезең матчында (2:0) жеңіске жеткеннен кейін ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

– Шын мәнінде, ауыр ойын болды, бірақ барлық күшімізді салдық.

– Төрт күн бұрын «Тұраннан» жеңіліп қалдыңыздар. Кек қайтардыңыздар ма?

– Жоқ, бұл басқа ойын болды. Ол чемпионат еді, ал бұл – басқа турнир. Біз басқа көңіл-күймен, жас құраммен шықтық. Жақсы ойын көрсеттік.