Абиба Әбужақынова Олимпиада ойындарының ширек финалында жеңілді
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ¼ финалда жеңіліп қалды. Ол 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Спортшы бұл кезеңде Испаниядан келген Лаура Абелиндамен кездесті.
Қарсыластар шиеленісті жекпе-жек өткізді. Негізгі уақытта ешкім ұпай жинай алмады. Golden Score (қосымша уақыт) кезінде испандық спортшы «иппон» алып, жеңіске жетті.