logo

Абылайхан Жандарбек: Фаворит болып әлі де «Бавария» саналады

Абылайхан Жандарбек: Фаворит болып әлі де «Бавария» саналады

18 жастағы «Астана» командасының баскетболшысы Абылайхан Жандарбек Sport+ сайтына берген сұхбатында неміс баскетболы туралы пікірін бөлісті.

«Биылғы маусымда баскетболдық Бундеслиганың басты фавориті — „Бавария Мюнхен“. Бұл — қуатты құрамға, қомақты бюджетке және сапалы ротация тереңдігіне ие команда. „Альба Берлин“ дәстүрлі түрде мықты ұжым, бірақ биыл жарақаттар мен тұрақсыздық салдарынан қиындықтарға тап болды. „Бавария“ тәжірибелі ойыншылар мен сапалы легионерлерді үйлестіре отырып, жоғары деңгей көрсетіп келеді. Ал бас бапкер Пабло Ласоның тактикалық шешімдері командаға қосымша икемділік берді. Егер күтпеген жағдайлар орын алмаса, мюнхендіктер — басты чемпиондық үміткер», — деді Жандарбек.

15-16 ақпан күндері Sport+ телеарнасынан Германия кубогының жартылай финалдық және финалдық ойындарын тамашалауға болады.

Жартылай финалда «Бавария» — «Синтайникс» және «Скайлайнерс» — «Бамберг» кездеседі.