logo

«Олимпия Милан» 32-ші Италия Кубогын жеңіп алуға ұмтылуда

«Олимпия Милан» 32-ші Италия Кубогын жеңіп алуға ұмтылуда

Италия Кубогының финалдық 8 кезеңі 12 ақпанда басталады, деп хабарлайды Sport+.  

Туринде трофей үшін «Брешия», «Тортона», «Виртус Болонья», «Олимпия Милан», «Тренто», «Реджана», «Трапани» және «Триесте» командалары бақ сынайды.  

Бұл турнирдегі ең көп жеңіске жеткен команда — «Милан», ол Кубокты 31 рет иеленген. Соңғы үш жылда да Милан клубы чемпион атанған.  

Екінші орынға трофейлер саны бойынша «Виртус Болонья» жайғасты.  

Жалпы, турнир 1920 жылдан бері өткізіліп келеді.  

Финал 16 ақпанда өтеді.  

Барлық матчтар Sport+ арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.



Күн шежіресі