Абу-Даби-дегі Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошы жартылай финалға шықты
Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz.
60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама үшін күресте Мағжан өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа қарсы күресті.
Шамшадин қарсыласын таза жеңіп, жартылай финалға шықты. Келесі жекпе-жекте ол франциялық Седрик Риволмен белдеседі.
Айта кетелік, осы салмақтағы Дәурен Суюкенов ширек финалда Изнауру Сааевтан (Ресей) жеңілді. Ол да Әбиба Әбужақынова секілді жұбаныш раундында бағын сынайды.