14 жастағы қазақстандық теннисші Барселонадағы беделді турнирде топ жарды

Мариям Нұржан Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Финалда қазақстандық теннисші жергілікті қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Чемпиондық кубокты Мариямға Барселона мэрі өзі табыстап, оның жеңіске деген керемет жігерін ерекше атап өтті.
Осы жеңістің арқасында Мариям биыл сәуір айында Барселонада өтетін тағы бір беделді турнирге қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жарыс АТР 500 турнирімен қатар өтеді, және оған әлемнің үздік сегіз жас теннисшісі қатысады.
Мариям Нұржан Tennis Europe рейтингінде 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында 109-орында тұр. Бүгінгі күнге дейін ол Tennis Europe аясында бір жеке және екі жұптық титул жеңіп алған. Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші Барселонадағы Next Level Tennis Team академиясында жаттығады.