Тимофей Скатов Олимпиада күміс жүлдегерінен басым түсті

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Үндістанда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Турнирдің екінші айналымында Скатов ресейлік Аслан Карацевті 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Келесі айналымда оның қарсыласы британиялық Билли Харрис болмақ.
Айта кетейік, Аслан Карацев – әлемнің бұрынғы 14-ракеткасы, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (микст санаты), «Үлкен дулыға» турнирінің финалисті (Ролан Гаррос-2021, микст), ATP турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы (оның үшеуі жекелей сында), сондай-ақ 2021 жылғы «Дэвис кубогы» мен ATP кубогының иегері.