Александр Шевченко жұптық сында БАӘ турнирінде жеңіске жетті (видео)
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко грек Стефанос Циципаспен жұптасып, Абу-Дабиде өткен World Tennis League көрме турнирінде ресейлік Андрей Рублев пен канадалық Денис Шаповалов дуэтін жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Матч 4:6 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Шевченко мен Циципас «Қырандар» командасында ойнаса, Рублев пен Шаповалов «Сұңқарлар» сапында өнер көрсетті.