Журналист Станислав Черчесовтың өтірігін әшкереледі
Журналист Сәкен Сыбанбай футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесовтың біраз уақыт берген сұхбатында жалған ақпарат таратқанын айтып, өтірігін әшкереледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Осыдан біраз жыл бұрынғы бір сұхбатында Станислав Черчесов «Мен футболшы кезімде талай ұлы бапкерлердің тәрбиесін көрдім» дей келе, Бесков, Романцевтермен қатар Валерий Лобановскийдің де атын атапты. «КСРО құрамасында» депті тағы да. Елең ете қалдым. Менде КСРО құрамасының бүкіл ойындар тізімі бар.
Ресми, жолдастық кездесулерден бөлек, жай жаттығу ойындарына дейін... Дәптеріме шұқшиып қарасам (ғаламтор арқылы да тексердім), В.Лобановский КСРО құрамасының бас бапкері болып тұрған кезде Станислав Черчесов оның сапында бірде-бір рет ойнамапты. Тіпті оқу-жаттығу жиындарына да шақырылмаған!
Демек, құр өтірік мақтан! «Мені Лобановский шақырған, бағалаған» деген секілді жалған, жалаң кеудемсоқтық... Дасаев пен Чанов барда, Лобановский мұны неғылсын...», - деп жазды Сәкен Сыбанбай.