Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінде Аустрияны 7:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық футболшылар бірінші таймда қарсылас қақпасына төрт жауапсыз гол соқты. 19-минутта Черноморец есеп ашса, 21 және 24-минуттарда Төленді дубль авторы атанды. Ал 35-минутта Хасанов есепті еселеді.
Екінші таймда Рашидов (60), Черноморец (63) және Асан (78) гол соғып, матчтың қорытынды есебін тіркеді.
Қазақстан U-17 — Аустрия U-17 — 7:0
Голдар: Черноморец (19, 63), Төленді (21, 24), Хасанов (35), Рашидов (60), Асан (78).
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 17 қарашада Грузияға қарсы өткізеді.
