Жұмабаев «Alash Pride» 100 турнирінде «Кипишті» тоқтатып, Пайва мен Шон О’Меллиге үндеу жасады (видео)

Қазақстандық Ержан Жұмабаев техникалық нокаутпен Тәжікстан өкілі Мұхаммедризвон «Кипиш» Кахоровты жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды.
Жекпе-жектен кейін Ержан «Alash Pride» лигасымен келісімшартқа отырған жауынгер Раулиан Пайваға үндеу салды, сонымен қатар ол Дана Уайттан Шон О 'Меллимен жекпе-жек сұрады.