Зәмзәгүл Файзоллақызы: 2018 жылы UFC-ге барғанда, бәрі басқаша болатын еді
Қазақстандық жауынгер Зәмзәгүл Файзоллақызы Sport Plus Qazaqstan телеарнасының құрметті қонағы атанып, UFC-ден түскен ұсыныс туралы сұраққа жауап берді.
- 2018 жылы Шымкентте «Alash Pride» дүбірлі турнирі өтті. Содан кейін, араға бір апта салып, Дана Уайттан (UFC басшысы) ресми хат келді. Мен құжаттарды қаншалықты толыққанды толтырғанымен, консул маған рұқсат бермеді. Оның алдына үш рет бардым, үш рет те қайтарып жіберді. Сол кездері Шахмаралға Жеписовқа да ұсыныс келді, бірақ ол құжаттарды дұрыс толтырмаған екен. Сол үшін рұқсат берген сияқты. Мен ол кісіге АҚШ-қа түбі барамын деп айтып кеттім. 2021 жылы ақыры бардым. 2018 жылы бабымда болдым, сол кезде барғанда, қазіргі жағдайым басқаша болатын еді деп ойлаймын. Араға үш жыл салып барғанда, екі балам бар еді. Сол кезде кіші балам төр айлық еді. Қанша дайындалсақ та, табиғат өзінікін алады екен, - деді Зәмзәгүл.
Естеріңізге сала кетейік, Зәмзәгүл Файзоллақызы 21 қыркүйекте Ақтөбеде өтетін «Alash Pride» 100 турнирінде октогонға оралады. Аталмыш турнирді Sport Plus Qazaqstan телеарнасында тікелей эфирде көруге болады.