logo

Зәмзәгүл Файзоллақызы: Титулға төбелескен қазақтың тұңғыш қызы деген атаққа ие болайын деп тұрмын

Зәмзәгүл Файзоллақызы: Титулға төбелескен қазақтың тұңғыш қызы деген атаққа ие болайын деп тұрмын

Қазақстандық жауынгер Зәмзәгүл Файзұллақызы Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында «Alash Pride» турниріндегі қарсыласы Хожонисоны нешінші раундта құлататынын айтып берді.

-  «Alash Pride» лигасы Хожонисо Комолидиновамен титулдық айқасыңызды жариялады. Жалпы бұл реванш сіз үшін қаншалықты қызықты?

- Бұл әңгіменің шыққанына 2 жыл болды. Ол реваншқа жиі шақырады. Маған титулдық жекпе-жек болған соң қызық болды. «Alash Pride» жағынан сұраныс көп болды. Хожонисо «менімен төбелесуге қорқасың ба?» деп сыртымнан намысыма тиетін сөздер айтып жүрген соң келістім. Кімнің қаншалықты дайындалғанын алда көресіздер.

- Титулдық жекпе-жек статусы мотивация бере ме?

- Иә, «Alash Pride» лигасында қыздар арасында титулдық жекпе-жек болмаған. Мен оны жеңіп алсам, титулға төбелескен қазақтың тұңғыш қызы деген атаққа ие болайын деп тұрмын. Атымды тарихта алтын әріптермен қалдыратын маңызды жекпе-жек болмақ.

- ONE FC-дегі Хожонисо жекпе-жегін көрдіңіз бе?

- Иә, оның жекпе-жегін қарап шықтым. Ол ана-атанғаннан соң жапон қызынан ұтылып қалды. Оның бәрін мен көрдім. Ал дайындығы жайлы айта алмаймын.

- Бұл жолы жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отырсыз ба?

- Бұл қыздың көп сөйлейтіні бар. 8 төрешінің шешімімен келіспей, жеңілгенін мойындамай, халықты адастыратын сөздер айтады екен бұл қыз. Сондықтан жекпе-жекті 2 раундтан асырмауға тырысамын. Мен өз-өзіме сенемін!