logo

Зүлфия Габидуллина Париждегі Паралимпиадада қатарынан екінші рет финалға шыға алмады

Зүлфия Габидуллина Париждегі Паралимпиадада қатарынан екінші рет финалға шыға алмады

2016 жылғы жүзуден Паралимпиада чемпионы, қазақстандық Зүлфия Габидуллина Париждегі Паралимпиадада 50 метр брасс қашықтығында финалға шыға алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Габидуллина 1:12,07 уақыт нәтижесімен 10-шы орын алып, финалға өте алмады. Енді 6 қыркүйекте қазақстандық спортшы 50 метр еркін жүзу қашықтығында жарысады.