Волейболдан Қазақстан құрамасы Мысырдан жеңіліп, Паралимпиада жартылай финалына шыға алмады
Волейболдан Қазақстанның ерлер командасы Париждегі Паралимпиадада Мысырдан жеңіліп, жарыс медальдары үшін жарысу мүмкіндігін жоғалтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан - Египет матчының жеңімпазы жарыстың жартылай финалына шықты.
Енді Қазақстан құрамасы 5-ші орын үшін ойнайтын болады. Қарсылас кейінірек анықталады.
Паралимпиаданың бастапқы матчында қазақстандық волейболшылар Францияны жеңді, ал екінші турда біздің құрама Босния мен Герцеговинадан 2:3 есебімен жеңілді.