logo

Жұлдызы «Әл-Хилял» Чемпиондар лигасында жорығын бастайды. «Әл-Райян» — «Әл-Хилял» матчын қайдан көруге болады

Жұлдызы «Әл-Хилял» Чемпиондар лигасында жорығын бастайды. «Әл-Райян» — «Әл-Хилял» матчын қайдан көруге болады

Жаңа маусымның алдында «Әл-Хилял» онсызда мықты құрамды «Бенфикадан» Маркос Леонардоны алдыртып, «Манчестер Ситиден» Жоао Конселомен күшейді, бірақ әлі күнге дейін команданың басты жұлдызы сербилық сұрмерген Александр Митрович болып табылады, ол маусымның басында Сауд Арабия чемпионатында 3 матчта 6 голмен көзге түсті.

Митровичтен басқа «Аль-Хилял» құрамында Малком, Неймар (жарақатынан айықпады), Сергей Милинкович-Савич, Рубен Невеш, Ренан Лоди, Буну сында шеберлер өнер көрсетеді.

«Әл-Хилял» Азия Чемпиондар лигасында жорығын Катарда жергілікті «Әл-Райян» қарсы өтетін матчтан бастайды.

Қарсыласымен салыстырғанда Поя Асбахи командасы әлсіз болып көрінеді, бірақ сонымен бірге катарлықтардың сапында Еуропада шу шығарған футболшылар жеткілікті. Бұл ең алдымен Махмуд Трезеге, Дэвид Гарсия және Джошуа Брене сында футболшылар бар. Ал команданың бастапқы матчтарындағы үздік сұрмергені - бразилиялық Рохер Гедеш.

«Әл-Райян» пен «Әл-Хилял» арасындағы матч сағат 21:00–де басталады. Тікелей эфирде бұл ойынды Sport Plus Qazaqstan телеарнасы көрсетеді, сондай-ақ трансляцияны Sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі