Жүлде үшін Ыстамбұл дербиі. «Фенербахче» - «Бешікташ» матчын қайдан көруге болады?

«Фенербахче» мен «Бешікташ» Ыстамбұл дербиіне жүлделі орындар үшін күш байқасады — Моуриньоның шәкірттері «Галатасараймен» чемпиондық атақ үшін қатаң бәсекеге түссе, Сульшер мен командасы үшінші орынға көтерілуге тырысуда, оларды бұл межеден небәрі екі ұпай бөліп тұр.
Қос команда бетпе-бет кездесуге әртүрлі формада келді – «Фенербахче» «Галатасарайдан» жеңілгеннен кейін қатарынан төрт матчта жеңілмей, бұл кездесулерде 13 гол соқты.
Ал «Бешікташ» соңғы бес ойында тек бір ғана жеңіске жетті – бұл нәтижені турнирден шығып қалған «Хатайспормен» ойында көрсетті.
Бірінші айналымдағы дербиде «Қарақұстар» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді, ал бұл жолы Моуриньоның екі бірдей мақсаты бар – реванш алу және «Галатасараймен» арадағы ұпай айырмасын қысқарту.
«Фенербахче» – «Бешікташ» матчы 4 мамыр күні сағат 21:00-де басталады. Тікелей көрсетілім Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтында.