Осимхен мансабындағы ең нәтижелі маусымын өткізді (видео)

«Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен «Сивасспорға» қарсы матчта дубль авторы атанып, командасына 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетуге көмектесті, деп хабарлайды Sport+.
Осимхеннен бөлек, «Галатасарай» сапынан Лукас Торрейра мен Барыш Йылмаз да гол соқты.
Осылайша, Виктор Осимхен өз мансабындағы ең нәтижелі маусымын өткізіп жатыр — ол 37 матчта 33 гол соғып үлгерді.