Жуковский қайтадан «Атырау» футбол клубының бас бапкері атанды

Футбол клубы «Атырау» командаға бас бапкер тағайындалғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+.
Команданың тізгінін бұған дейін де екі маусым жұмыс істеген беларусь маманы Виталий Жуковский қайта қолына алды. Жуковскийдің басшылығымен «Атырау» Қазақстан чемпионатында 7-орын алып, ел кубогының финалына дейін жеткен еді.
Биылғы маусымды беларусь бапкері «Туран» клубында бастаған болатын.