logo

Жұбаныш Сағынмен реванш туралы: Бұл жекпе-жек аса қызық емес, бірақ лайықты гонорар үшін дайынмын

Жұбаныш Сағынмен реванш туралы: Бұл жекпе-жек аса қызық емес, бірақ лайықты гонорар үшін дайынмын

NAIZA минимал салмақтағы чемпионы Бағдат Жұбаныш Қазбек Сағынмен мүмкін болатын реванш туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

«Бірінші жекпе-жекте мен жеңдім деп есептеймін. Сол төрешілердің шешімімен әлі де келіспеймін. Егер бізде екінші жекпе-жек өтетін болса, мен жақсырақ дайындалып, өзімдікін қайтарып аламын. Алайда, бұл жекпе-жек мені қатты қызықтырмайды деп айта аламын. Мен лига президенті Нұрбек Қарабаламен сөйлесіп, бұл жекпе-жекке лайықты гонорар үшін шығуға дайын екенімді айттым. ТМД аумағындағы көпшілікті қызықтыратын мұндай жекпе-жек лайықты төлеммен өткізілуі тиіс. Барлығы біледі, бұл жекпе-жекте мен соңына дейін күресемін!» – деді Жұбаныш.

Айта кетейік, минималды салмақтағы NAIZA титулы үшін алғашқы жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Қазбек Сағын жеңіске жеткен болатын.