logo

«Ақтөбенің» келесі маусымдағы бас бапкері кім болатыны белгілі болды

«Ақтөбенің» келесі маусымдағы бас бапкері кім болатыны белгілі болды

Қазіргі бас бапкер Игорь Леоновпен келісімшарn мерзімі ұзартылады, деп хабарлайды Sport +.

«Бұл маман «Астанамен» матчтың нәтижесіне қарамастан, 2025 жылғы маусымда командамен жұмысты жалғастырады», - деп жазды «Серый CARDINAL» телеграм-каналы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 27 қазанда Қазақстан Премьер-лигасының 24-турының матчы өтеді, онда «Астана» Алматыда «Ақтөбені» қабылдайды. Кездесу сағат 18:00-де басталады.

Бетпе-бет кездесуге дейін екі командада да 37 ұпай болса, астаналықтар бір ойын кем өткізді.