Кирилл Кекер өз орнын босатты
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Кирилл Кекер өз алаңында «Жеңістен» жеңілгеннен кейін орнын босатты, деп хабарлайды Sport+ meta-rating.kz сайтына сілтеме жасап.
Маман клубтан кетуге ниетті және өз еркімен кету туралы өтініш жазған.
Кекер беларустық бапкер Александр Седнев кеткеннен кейін «Ордабасы» тізгінін ұстады. Ол маусымның соңына дейін келісімшартқа отырған еді.
Бұған дейін команда қонақта «Тобылдан», сондай-ақ өз алаңында «Астанадан» ұтылып, чемпиондық үшін күресте өз мүмкіндіктерін нашарлатты.