logo

«Астана» – «Ақтөбе» матчына шыққан жанкүйерлер жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты

«Астана» – «Ақтөбе» матчына шыққан жанкүйерлер жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты

Қазақстан Премьер-лигасы 24-тур аясында өтетін «Астана» – «Ақтөбе» матчы алдында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Sport +.

Ойынды тамашалауға шыққан елордалық жанкүйерлердің автокөлігі апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды.

Бұл туралы «Астана» клубының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Бүгін таңертең «Астана» футбол клубының үлкен отбасында қайғылы жағдай орын алды. Клубтың бір топ жанкүйері «Астана» - «Ақтөбе» матчы өтетін Алматы қаласына барар жолда жол-көлік оқиғасына тап болды. Елордалық клуб жанкүйері Нұрлан Ауғанбай ауыр жарақат алып, көз жұмды, ал үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр», - делінген аталған хабарламада.

Қалған үш жанкүйердің жағдайы қандай екені әзірге айтылған жоқ. 

Айта кетейік, «Астана Арена» стадионы жөндеу жұмыстарына жабылғалы бері елордалық команда өз ойындарын Алматыда өткізіп жүр. Бүгінгі «Ақтөбемен» болатын ойын да «оңтүстік астанада» сағат 14:00-де басталады.